1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай бастауыш сынып оқушылары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар асфальтқа әсем суреттер салып, өздерінің қиялы мен шығармашылығын көрсетті. Сонымен қатар мектеп парламентінің сүйемелдеуімен көңілді флешмоб билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Балалар көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсерге бөленді. Барша бүлдіршіндерді мерекемен құттықтаймыз!
KZ
