Skip to content

9 мамыр – Жеңіс күні

Ұлы Отан Соғысы
Өмірі – ұрпаққа өнеге.
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлiм мен өмiр алысты.

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 79 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған – туысқандарына, жақын – жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Мектебіміздегі Ұлы Отан соғысына қойылған мерекелік шара. Мектебіміздегі ер мұғалімдергеде мерекелік көңіл күй сыйладық.
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелерімізбен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын куллі әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы жеңіс мерекесі – аға ұрпақтың сол ұлы ерлігі мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
«Ұлы Жеңіс бізге сансыз құрбандықтар, қиындықтар мен қайғы-қасірет арқылы келді. Біз бейбіт өмір үшін жанын пида еткендерді мәңгі есте сақтаймыз» @mangystau_obl_bilim_baskarmasy