10 ақпан күні мектебімізде Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа тарихи шындықты жеткізу, ардагерлердің ерлігін насихаттау және оларды құрметтеу.
Кездесу барысында ардагерлер оқушылармен өз естеліктерімен бөлісіп, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен жауынгерлердің батырлығы туралы әңгімеледі. @aktau.bilim_bolimi