Skip to content

Ауған соғысы күніне орай кездесу өтті

Ауған соғысы күніне орай Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы Ардагерлер кеңесінің орталығында мектеп ұжымы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қартбай Аманжол және орынбасары Аққұлов Қаржаубаймен кездесті.

Кездесу барысында ардагерлерге қамқоршылық көрсету мақсатында ардагерлер тізімі сұратылды. Сонымен қатар ардагерлер мен мектеп басшылығы арасындағы байланысты нығайту, тығыз қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар ұйымдастырып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру бағытында өзара ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.