«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Жасыл клубтар» және «Жер Елшілері» бастамаларын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектеп ұжымы «Жасыл апта» республикалық экологиялық челленджін қабыл алды. Аталған челленджді 5 «а» сынып оқушылары қабылдап, белсенді түрде іске асыруға кірісті.
Шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Апта барысында экологиялық бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. @aktau.bilim_bolimi



KZ
