Skip to content

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!

Кезекті оқу жылының аяқталуына байланысты Ақтау қаласының “1 жалпы білім беретін мектеп” КММ мектеп директоры Испекеев Б.У бітіру шараларына қатысты келесі шектеулерге тоқталады.

Бітіруші 4 ,9 және 11 сынып оқушыларынан мектеп қажетіне ақша жинау, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру, аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру, мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қаражат жинау, оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық, мейрамхана, саябаққа баруы, қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру шараларына қатаң тыйым салатынын ескертеді.

⚠️МАҢЫЗДЫ! Жыл сайын мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджет есебінен қаражат бөлінеді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарын күрделі жөндеуден өткізу кезең-кезеңімен жүргізіп келеді.

Құрметті ата-аналар
жоғарыдағы тыйым салынған талаптарды ескерте отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңыз сұралады.

Біз үшін басты мақсат – сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру!

Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса осы номер телефоны бойынша хабарласыңыз!
Телефон: 8(7292)42-76-96 @mangystau_obl_bilim_baskarmasy@aktau.bilim_bolimi