22.10.2025 жылы мектеп кітапханашысымен бірлесіп 3-сынып оқушыларына “Менің Отаным – менің елім” тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақ оқушылардың мемлекеттік әнұранды орындауынан басталды. Мектеп кітапханашысы балаларға мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы, республикамыздың табиғи байлығы, ұлттық валюта-теңге және басқа да қызықты фактілер туралы айтып берді. Сабақ соңында оқушылар Республика күніне арналған өлеңдер оқып, сұрақтарға жауап берді.