Skip to content

«Құқық бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу»

25 сәуіp 2024 жылы мектебімізде 7-9 сынып оқушылары арасында «Вандализммен күрес» , «Құқық бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу» тақырыптары бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау, оларды күтіп ұстау, ата-бабалардан келе жатқан мұраны келесі ұрпаққа жеткізу. Ескерткішті қорғау мен насихаттау мемлекеттің құзырында, ал жергілікті тұрғындар оны барынша қорғауы керектігін түсіндіру. Мектеп инспекторы Асылбеков Р.Б оқушыларға мемлекеттік ескерткіштерді талқандау, есімдерін жазып бүлдіру тағы басқада бүлдіру жолдары анықталғанда құқық қорғау өкілдері міндетті түрде жасөспірімге немесе оның ата-анасына үлкен көлемде айыппұл салынатындығын және қалалық есепке алынатындығын ескертті. Сонымен қатар құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, жол ережесін сақтауға, әлімжеттілікке бармауға шақырды.

#біртұтас_тәрбие @mangystau_obl_bilim_baskarmasy