Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың нағашысы майдангер-прокурор Бисембай Хабиев туралы қысқаша тоқталып өткім келеді. Айтпақшы, Әлия да кішкентай кезінде «мен де көкем сияқты прокурор боламын» деп айтады екен. Соғысқа дейін Бисембай Хабиев Ақтөбе облысында прокурордың көмекшісі болып еңбек еткен. 1941 жылдың жазында 312-атқыштар дивизиясының әскери тергеушісі ретінде майданға аттанған. «Қызыл Ту», ІI дәрежелі «Отан соғысы» ордендерінің иегері Бисембай Хабиев жеңісті Венгрияда қарсы алған. Соғыстан кейін Темір ауданының прокуроры, 1950 жылдан зейнетке шыққанға дейін Ақтөбе облысы прокурорының бірінші көмекшісі болып жұмыс істеді. Ол жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беруге баса назар аудара отырып, өзінің қарындасы Әлия Молдағұлованың атын мәңгі есте қалдыру жолында көп еңбек етті. @mangystau_obl_bilim_baskarmasy @aktau.bilim_bolimi
