22.10.2025 жылы сағат 12:00 және 17: 55-те мектепте Азаматтық қорғаныс бойынша оқу эвакуациясы жүргізілді. Іс-шараның мақсаты: төтенше жағдайлар кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің іс-әрекеттерін пысықтау, оларда тез және ұйымдастырылған эвакуациялау дағдыларын қалыптастыру. Дабылдан кейін сынып жетекшілері мен оқытушыларының жетекшілігімен әр сынып оқу ғимаратынан шығып, алдын ала белгіленген жиналу орнына бет алды. Эвакуация барысын азаматтық қорғаныс жөніндегі жауапты тұлғалар бақылап отырды. Мектеп директоры Б. Ө. Испекеев пен А.С. Муржиков эвакуацияның дайындығы мен сәтті жүргізілгені туралы баяндады. Іс-шара ұйымдастырылды, ешқандай оқиға болған жоқ.