Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “№1 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Туған жылы: 2 қараша 1963 жыл
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары
Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы. Байланыс нөмірі: +77013458653
Жалпы жұмыс өтілі: 38 жыл
Саладағы жұмыс өтілі: 35 жыл
Осы ұжымдағы жұмыс өтілі: 5 жыл
1963 жылдың 2 қарашасында Түрікменстан Республикасы, Балқан облысында дүниеге келді. 1980 жылы Ашхабад қаласында, А.М. Горький атындағы Қызыл Ту Орденді Түрікмен мемлекеттік университетінің шетел тілдері факультетіне оқуға түсіп, 1985 жылы аталған университеттің толық курсын аяқтап, ағылшын тілі пәні мұғалімі, аудармашы және тілші мамандықтарын алып шықты. Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімдігінен бастады.
Бекес Умирханович 35 жылға жуық білім саласында қызмет етіп келеді. Соның 15 жылы – мектеп директоры лауазымдық қызметі. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, қала әкімінің Алғыс хаттарымен, білім бөлімінің грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағын даярлау мақсатында саналы өмірін арнаған ұстаз.