Skip to content

“Global Teaching Dubai XX”

Дубай қаласында өткен “Global Teaching Dubai XX” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған маңызды шара болды. Конференцияның басты тақырыптары ретінде “Жасанды интеллект” және “Инклюзивті білім беру” мәселелері қарастырылды. Қазіргі уақытта технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында білім беру қауымдастығы оқыту сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолдарын белсенді түрде іздестіруде.
Конференция барысында Ақтау қаласының №1 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шамиева Дина Ақмуратқызы “Жасанды интеллект: білім берудегі жаңа деңгей” тақырыбында баяндама жасап, осы саладағы өзінің тәжірибесімен бөлісті. Баяндамада жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде қолдану тәсілдері, олардың педагогикалық қызметтегі рөлі мен оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы маңыздылығы талқыланды.
Конференцияның нәтижелері бойынша жобаларды қорғау қорытындысы шығарылып, ең үздік деп танылған жұмыстар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, мазмұны мен құндылығы жағынан ерекшеленген жобалар “Жыл ұстазы” медалімен атап өтілді. Бұл беделді марапатқа бес педагог ие болды, олардың қатарында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шамиева Дина Ақмуратқызы да бар. Оның жұмысы кәсіби шеберлік пен заманауи білім беру технологияларын терең меңгергенін көрсетті. @aktau.bilim_bolimi @mangystau_obl_bilim_baskarmasy

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *