🎒Елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жүріп жатыр.
🗣1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.
✅Акция 15 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ол жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған. Оған волонтерлар, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және барлық жанашыр азаматтар қатыса алады.
🔖Айта кетейік, акция кезеңінде азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін сенім телефондары, қоғамдық қабылдаулар үздіксіз жұмыс істейді.
