Skip to content

«Nauryz FEST-2026»

Мектебімізде Ұлыстың ұлы күніне орай «Nauryz FEST-2026» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті. Аталған шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау, қазақ халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын дәріптеу.

Мерекелік бағдарлама барысында ұлттық киімдер көрсетілімі, ән мен би, түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен оқушылар белсенді түрде қатысып, Наурыз мерекесінің мән-маңызын кеңінен түсіндірді. @aktau.bilim_bolimi

https://www.instagram.com/p/DWHH5UsDbtX